Ссылки доступа

Кабулде университетке жасалған шабуылдан 13 адам көз жұмды


Кабулде Америка университетіне жасалған қарулы шабуылдан 13 адам қаза тапты, олардың жетеуі — студент. 30 шақты студент және полиция қызметкерлері жараланған. Қайтыс болғандардың екеуі — шабуыл жасаушылар. Бұл жөнінде BBC жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл сәрсенбі күні орын алған. Алдымен университет кампусында қатты жарылыс болып, арты атысқа ұласқан. Студенттер өздерінің бөлмелерінде тығылған. Көбі әлеуметтік желілер, ұялы телефон арқылы көмекке шақырған.

Ғимаратты босату 10 сағатқа созылған.

Биліктің алдын-ала мәліметі бойынша, қарулы шабуылдаушылардың арасында жиһадшылар болған. Әзірге бұл оқиғаны ешкім жауапкершілігіне алмады.

Ауғанстанның Америка университеті 2006 жылы ашылған. Бүгінде онда мыңдаған студент оқиды. Университеттің жанында Бас прокуратура мен парламент орналасқан.

XS
SM
MD
LG