Ссылки доступа

Ресей аяқ астынан әскерінің соғысқа дайындығын тексеріп жатыр


Ресей президенті Владимир Путин аяқ астынан Қарулы күштердің соғысқа дайындығын тексеруді бұйырды. Бұл жөнінде Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

25-31 тамыз аралығында Оңтүстік, Батыс, Орталық әскери округ, Солтүстік флот, сонымен бірге әскери-ғарыштық күштер мен әскери-десанттың бас қолбасшылығынде тексерулер жүретіні жарияланды.

Шойгудың сөздерінше, Оңтүстік әскери округтың қысқа мерзімде дағдарыс жағдайындағы әскери қимылдары тексеріледі, сонымен бірге Батыс пен Орталық әскери округтердің мүмкіндіктеріне баға беріледі.

2014–2015 жылдары Қырымды аннексиялағаннан кейін Украинаның шығысында кикілжің басталып, Ресей бірнеше рет кенеттен әскери жаттығулар өткізіп, әскерлерінің соғысқа дайындығын тексеріп келеді. Украина билігі шекарада Ресей әскерінің көбейгенін, сонымен бірге Донбаста жағдайдың күрт нашарлағанын атап өтті. Батыс елдері Ресейдің жиі әскери жаттығулар өткізетініне алаңдайтындарын бірнеше рет мәлімдеген.

Соңғы рет Ресей армиясындағы тексеру маусым айының ортасында өтті.

XS
SM
MD
LG