Ссылки доступа

Мәскеуде жасырынған кәнігі қылмыскер Өзбекстанға жөнелтілді


36 жастағы Өзбекстан азаматы Садриддин Мухитдинов қайта жасаған ірі алаяқтық қылмысына байланысты сот сұрауы бойынша Мәскеуден еліне экстрадицияланды. Бұл жөнінде СА-News ақпараттық агенттігі РФ Мәскеу прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанда Мухитдинов 2013 жылдың сәуір айынан қыркүйек айы аралығында отандастарының сеніміне кіріп, келісім-шартқа отырып, автокөліктерді рәсімдеуге көмектесемін деп ақша алған. Бірақ келісім сол күйі орындалмаған.

Соңғы рет ол автокөліктерді қайта рәсімдеуден өткізіп беремін деп адамдардан 10 мың АҚШ долларын алған. Бір ай өткен соң Мухитдинов тағы бір отандасынан жақын уақытта қайтарамын деп алдап 6 мың АҚШ доллар алған.

«2016 жылдың ақпан айында Мухитдинов Мәскеуде тұтқындалған. Ресейдің Бас прокуратурасы оны Өзбекстанға жіберу туралы шешім шығарды», – делінген хабарламада.

XS
SM
MD
LG