Ссылки доступа

Қырғыз СІМ "Кербен" радиорелелік бекеттің жұмысшыларын босатуға күш салуды ұсынды


Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі қырғыздың "Кербен" радиорелелік бекетіндегі төрт жұмысшыны босату үшін күш салуды ұсынды. Бекет жұмысшыларын 23 тамызда Өзбекстан милициясы ұстаған.

Қырғызстанның Өзбекстан елшілігіндегі қызметкерлер бекетте ұсталған Әбдумитәліп Ормановты, Урмат Бердалиевті, Жениш Ташматов пен Нұрбек Усупбаевты босатып, елге қайтару үшін жұмыс істеп жатыр. Қазір дипломатиялық қызмет деңгейінде келіссөздер жүруде.

Еске салайық, 22 тамызда шекараның даулы учаскесіндегі Унгар-Тоо ретрансляторы орналасқан маңға Өзбекстан ІІМ-нің шамамен жеті қызметкері МИ-8 тікұшағымен қонды. Одан соң Қырғызстан бұл ауданға милицияның қосымша күштері мен шекарашыларын жіберді.

24 тамызда таңертең Шекара қызметінің хабарлауынша, Унгар-Тоо тауындағы радиорелелік бекеттің төрт қызметкерін Өзбекстандағы Янгикурган милициясына алып кеткен.

Унгар-Тоода қырғыздың "Кербен" радиорелелік бекеті орналасқан. Бірнеше жыл бұрын Өзбекстан шекарашылары сол жерге блокпост орнатуға талпынған еді. Келіссөздерден соң олар даулы аумақтан кеткен еді.

XS
SM
MD
LG