АҚШ мемлекетті хатшысы Джон Керри мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Женеваға барды, бүгін олар Сириядағы жағдайды талқылайды.
Вашингтон мен Мәскеудің хабарлауларынша, келіссөздердегі басты тақырып - Сириядағы әскери іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі орталық келісімге келу. АҚШ қарулы оппозицияны қолдайды, ал Ресей президент Башар Асад жүйесіне көмектесіп жүр.