Ссылки доступа

Өзбекстан даулы Унгар-Тоо учаскесін өздерінікі деп санайды


Өзбекстанның ІІМ Унгар-Тоо тауындағы радиорелелік станциясында жұмыс істеп, ұсталған Қырғызстан азаматтары бұл аймақта заңсыз жүрген деп мәлімдеді. Өзбекстан шекара маңындағы даулы аймақты өздерінікі деп санайды.

Өзбек БАҚ-ы ІІМ-ге сілтеме жасап жазғандай, Унгар-Тоо аймағында ұсталғандар Өзбекстан заңы бойынша жауапқа тартылады.

Қырғызстанның Шекара қызметінің хабарлауынша, станцияның төрт адамы Өзбекстан аймағында қамауда отыр. 22 тамызда өзбектің құқыққорғау органдарының мүшелері тікұшаққа отырып, станцияның қызметкерлерін ұстап әкеткен. Өзбекстан тарабы ұстағандар арнайы тексеру шараларына қатысты ұсталды деп хабарлады.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрі ұсталған төрт қырғыз азаматы — Абдумиталип Урманов, Урмат Бердалиев, Жениш Ташматов және Нурбек Усупбаевке алғысын білдіреді. Қазір уақытта дипломатиялық қызмет келіссөз жүргізіп келеді.


XS
SM
MD
LG