Ссылки доступа

Италияда жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа төтенше жағдай енгізілді


Италия үкіметі жер сілкінісінен 250 адам құрбан болған аймаққа төтенше жағдай енгізді.

Бейсенбі күні елдің премьер-министрі Маттео Ренци зардап шеккен аймақтың тұрғындарына 50 миллион еуро көлемінде бірінші көмек берілетінін мәлімдеді. Сонымен бірге салық жеңілдіктері қарастырылады. Ренцидің сөздерінше, қираған елді мекендер мемлекет тарапынан қайта тұрғызылатын болады. Бұл хабарды италиялық ANSA ақпарат агенттігі таратты.

Сәрсенбіге қараған түні Италияның орталық бөлігінде магнитудасы 6,2 балл болатын қатты жер сілкінісі болды. Эпицентр Аматриче (Умбрия) қаласында болған. Кемінде 250 адам қайтыс болды. 215 адам құтқарылды, 365-і жараланды. Қазіргі кезде үйінділердің астында қалып қойғандар мен із-түссіз жоғалып кеткендердің нақты санын анықтау мүмкін емес. Мыңдаған адам қансыз қалған. Олар жазғы лагерлерде, автокөліктерде түнеп келеді.

Құтқару жұмыстарына 6 мың адам тартылған. Олар күні-түні жұмыс істеп жатыр. Жер сілкінісінен 293 мәдени-тарихи нысан қирады деп мәлімдеді Италияның мәдениет және туризм министрі.

XS
SM
MD
LG