Ссылки доступа

Ислам Каримов ауруханаға түсті


Өзбекстан министрлер кеңсесінің хабарлауынша, президент Ислам Каримов ауруханада жатыр. Өзбек үкіметі елді 25 жылдан бері басқарып келе жатқан 78 жастағы Каримовтың денсаулығы туралы бірінші мәрте ақпарат таратты.

Өзбекстан министрлер кеңсесінің хабарлауынша, президент Ислам Каримов аурухананың "стационар бөліміне" жатқызылған және "толық медициналық тексерулер мен емге біраз уақыт қажет болады". Өзбек үкіметінің осындай хабарлама таратуына Ислам Каримовтың қатты сырқат екені туралы түрлі қауесеттердің тез тарап кетуі түрткі болды.

Жыл сайын 31 тамызда Ислам Каримов республиканың Тәуелсіздік күні мерекесіне қатысатын. Биылғы салтанатты жиынға президенттің қатысар-қатыспасы әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG