Ссылки доступа

Сирияның солтүстігіндегі атыстардан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты


Сирияның солтүстігінде жексенбі күні түрік әскерінің жиһадшы содырлар мен күрд бүлікшілеріне қарсы соғысы кезінде бейбіт тұрғындар зардап шекті. Бұл туралы 28 тамызда француз баспасөзі сириялық адам құқығының бұзылуын бақылау орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Адам құқығын қорғаушылардың мәліметі бойынша, түрік қарулы күштерінің Жеб әл-Кусса ауылын шабуылдау кезінде кем дегенде 20 тұрғын қаза тауып, 50-ге жуығы жараланған.

Түрік әскері қарлыстарының 25 жауынгерінің көзін жойдық деп отыр. Түріктің NTV телеканалының хабарлауынша, түрік әуе күштері мен артиллериясы "Халықтық өзін өзі қорғау отрядының" шебін түнде бомбалаған. Күрдтердің бұл қарулы жасағы Түркияда "террорлық ұйым" деп есептеледі, бірақ АҚШ оларды "жиһадшы содырларға қарсы күресушілер" деп сипаттады.

XS
SM
MD
LG