Ссылки доступа

Бүгін өрттен қаза тапқандардың денесі Бішкекке жеткізіледі


Ресейде Қырғызстан елшілігінде Қырғызстанның вице-премьер-министрі Гүлмира Құдайбердиеваның қатысуымен өрттен қаза тапқандардың денесін туған жерлеріне жеткізіп, марқұмдардың туыстарына көмек көрсетуге байланысты жұмыс отырысы өтті.

Жиынға Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі К. Боронов пен денсаулық сақтау министрі А. Мурзалиев қатысты.

Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Болот Отунбаев арнайы рұқсат етілетін құжаттардың рәсімделгенін, мәйіт тиелген ұшақ 29 тамызда Бішкекке ұшатынынан хабардар етті.

Вице-премьер-министр Гүлмира Құдайбердиева арнайы ұшақ Мәскеу- Ош- Бішкек арқылы ұшатынын, әрі қарай марқұмдардың денесін туыстарына жеткізу үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрі көмек көрсететінін айтты.

Мәскеу тұрғындары баспахана қоймасынан шыққан өрттен қаза тапқандарға көңіл айтып, Ресейдегі Қырғызстан елшілігі ғимаратының алдына гүл шоқтарын қойып жатыр. Еске сала кетейік, 27 тамызда Мәскеуде баспахана қоймасында өрт болды. 17 адам қаза тапты. Олардың 14-і Қырғызстан азаматтары. 29 тамыз Қырғызстанда Аза тұту күні болып жарияланды.

XS
SM
MD
LG