Ссылки доступа

Ақтөбеде Украинаның шығысында "соғысқан" адамға іздеу жарияланды


Ақтөбе соты Украинаның шығысда соғысқан деп айыпталған Максим Ермоловқа іздеу жариялады. Осы іске қатысты сот отырысы екінші мәрте кейінге қалдырылды.

Сот дерегінше, алғашқы сот отырысы 22 тамыз күні өтуі тиіс болған. Бұл туралы күдіктіге 15 тамыз күні хабарланған. Бірақ ешқайда кетпеу тілхатын тапсырған Максим Ермолов сотқа келмеген.

Сот қаулысына сай, күдіктіні сотқа ҰҚК қызметкерлері мәжбүрлеп әкелуі тиіс болған, бірақ олар Ермолаевты тұрғылықты мекенжайынан таба алмаған. Күдіктінің анасы баласын 18 тамыздан бері көрмегенін айтқан. Ермолов тамыздың 19-ы күні анасына телефон шалып, жеке куәлігінің көшірмесі мен психиатрдың анықтамасын сұраған.

Судья Нұрлан Бисени күдікті елден кетіп қалған болуы керек деп есептеп, оған іздеу жариялады. Ермолаевқк "шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты" деген айып тағылып отыр.

Сот материалдары бойынша, Максим Ермолов 2014 жылғы қыркүйек пен 2015 жылғы ақпан аралығында Украинаға барып, елдің шығысында ресейшіл сепаратистер құрамында үкімет күштеріне қарсы соғысқан. Ермолов 2015 жылы ақпан айында жеке шаруаларымен Қазақстанға оралғанда ұсталды.

XS
SM
MD
LG