Ссылки доступа

Ердоған: біз Сириядағы операцияны жалғастыра береміз


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, "Ислам мемлекеті" ұйымы мен күрд жасақтарының ел тұрғындарына төндірген қаупі сейілмейінше, Анкара Сириядағы әскери операциясын жалғастыра береді.

Осының алдында ғана, 29 тамызда АҚШ Сирияның солтүстігінде түрік әскерінің күрд жасақтарымен қақтығысуына жол жоқ деп мәлімдеген еді. Пентагон Түркияның "Ислам мемлекеті" ұйымының экстремистері жоқ аймақтарда әскери іс-қимыл жүргізуін "асыра алаңдаушылықтан туындаған" әрекет деп атады.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, АҚШ президенті Барак Обама бұл мәселені түрік әріптесімен 4 қыркүйекте "Үлкен жиырмалық" саммиті қарсаңында талқылайтын болады.

Өткен аптада түрік әскері Сирия шекарасын кесіп өтіп, күрд жасақтарымен соғысты. Анкара оларды "терроршылар" деп атайды. Сирияның еркін әскерімен бірге альянс құрған түрік күштері шекарадағы Жераблус қаласындағы ИМ күштерін тықсырып шығарып, енді АҚШ қолдап отырған Сирия демократиялық күштерін (СДК) шабуылдай бастады. СДК құрамында күрдтер көп.

XS
SM
MD
LG