Ссылки доступа

Сейітқазы Матаев тағы да ауруханаға түсті


Қазақстанның журналистер одағының төрағасы, айыпталушы Сейітқазы Матаев жағдайының нашарлауына байланысты тағы да ауруханаға түсті деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Адвокат Андрей Петровтің сөздеріне сілтеме жасаған ҚазТАГ Матаев Астанада сот үзіліс жариялағаннан кейін, қан қысымы 230/110 болып көтеріліп, ауруханаға жеткізілді деп жазады.

Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсетке қатысты сот ісі Астанадағы №2 Есіл аудандық сотында жүріп жатыр. 23 тамызда сот отырысы барысында Журналистер Одағы төрағасының денсаулығы нашарлап, медициналық көмекке жүгінді. Нәтижесінде сот тыңдауы бірнеше күнге кейінге шегерілді.

Сейітқазы Матаев 24 ақпанда мемлекет ақшасын ұрлады және салықтан жалтарды деген күдікпен үйқамаққа алынды. 28 наурызда оның ұлы — ҚазТаг агенттігінің бас директоры Әсет Матаев та үй қамаққа отырғызылды. Мамыр айында Журналистер одағы төрағасына қатысты қылмыстық іс «Қызметін пайдаланып сенімге қиянат жасады» деген бапқа ауыстырылды. Дәл осындай шешім оның ұлы Әсетке де шықты.

XS
SM
MD
LG