Ссылки доступа

Бішкекте Қытай елшілігінде жарылыс болды (видео)


Бішкектің оңтүстік бөлігінде – Қытай елшілігі аумағында жарылыс орын алды. Милициядағы дереккөз Азаттыққа жанкешті көлікпен елшілік қақпасына келіп соғылды, осыдан кейін жарылыс болды деп хабарлайды.

Ресми ақпарат бойынша, бір адам қаза тапқан және үш адам жараланған (Оның екеуі қырғыз азаматы). Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жарақат алғандар – 17 жастағы балалар. Олар онда бағбан болып жұмыс істейді екен.

Оқиға орнында оперативті қызмет жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың жаңғырығынан көрші үйлердің терезесі сынған.

Жанкешті сол жерде қаза тапқан.

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Жениш Разаков елде қауіпсіздік шаралары күшейеді деп мәлімдеді.

Взрыв в Посольстве Китая в Кыргызстане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:56 0:00

XS
SM
MD
LG