Ссылки доступа

АҚШ мемдепартаменті Ресейді Ильми Умеровті босатуға шақырады


АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейді қырым-татар халқының мәжіліс басшысы Ильми Умеровті психиатриялық ауруханадан босатуға шақырды.

18 тамызда Умеровті Симферополь ауруханасының кардиология бөлімшесінде жатқан жерінен күштеп сараптама жүргізу үшін психиатриялық клиникаға жеткізген.

"Диссидентті психиатриялық клиникада ұстауы бізді қатты алаңдатады", - деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Джон Кирби.

Аннексияланған Қырымның билігі 59 жастағы Ильми Умеровті «Ресейді Қырымнан және Донбастан шығаруға мәжбүрлеу керек» деп телеарна арқылы айтқаны үшін сепаратизммен айыптап отыр.

Осының алдында Еуропалық одақ, Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы және Украина парламенті қырым-татар саясаткерін босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG