Ссылки доступа

Украина арнайы қызметі құпия түрме туралы ақпаратты жоққа шығарады


Украинаның Қауіпсіздік қызметі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының сепаратизмге күдіктілерді ұстайтын «құпия түрме» бар деген ақпаратты жоққа шығарады.

Қауіпсіздік қызметі басқарма басшысы Александр Ткачук телеарналар арқылы Харьковте «құпия түрме» бар екен деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеме жасады. Бірақ Ткачук құқық қорғаушылардың ақпараты тексерілетін болады деді.

Amnesty International мен Human Rights Watch халықаралық ұйымдарының Украинаның әскери прокуроры басшысының атына жазған бірлескен ашық хатында, кемінде бес адамның Харьковтегі құпия түрмеде отырғаны жөнінде мәлімет бар екенін айтқан. Олардың үшеуі бір жылдан астам уақыт бойы қамауда отырғандығы айтылады.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, сот шешімінсіз тағы да 13 адам құпия түрмеде отырған. Бірақ олар 21 шілдеде Amnesty International мен Human Rights Watch ұйымдарының баяндамасынан кейін босатылған. Алайда құқық қорғаушылар ол адамдардың ұсталғаны және босатылғаны жөнінде билік тарапынан мойындалған жоқ.

XS
SM
MD
LG