Ссылки доступа

Каримовтың қызы әкесінің айығуын тілеген отандастарына алғысын білдірді


Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова-Тилляева өзінің Facebook-тегі парақшасына әкесіне денсаулық тілеген халыққа алғысын білдірді. Оның сөзінше, халықтың дұғасы «көмектесіп жатыр».

Ол өзбекстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әрі президенттің тезірек айығып кетуін тілеген жылы сөздері үшін ризашылығын жеткізді.

«Бұл біз үшін үлкен мәнге ие. Мен жүректің түбінен шыққан шынайы тілектердің үлкен күш екеніне сенемін. Әрі бұл әкемнің жазылуына көмектесіп жатыр. Сіздерге үлкен рахмет!», - деген Лола жазбасында.

Еске сала кетейік, Ислам Каримовтың ауруханаға түскені жөніндегі ақпарат өткен жексенбі күні тарады. Дүйсенбі күні, 29 тамызда президенттің кіші қызы Лола Каримова әлеуметтік желілердегі парақшасы арқылы әкесінің миына қан құйылып жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Бұдан басқа президенттің денсаулығы жөнінде ресми ақпарат тарамады. Сейсенбі күні 30 тамызда бірнеше ақпарат құралдары Ислам Каримовтың өмірден озғаны жөнінде хабар таратты. Бірақ бұл ақпаратты елдің президент әкімшілігі жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG