Ссылки доступа

Ресейде тәжік азаматы немересінің есімін Путин деп өзгертті


Ресейде тұратын, осы елдің президентінің саясатын жақтайтын Тәжікстан азаматы өзінің екі жастағы немересінің Расул деген есімін Путин деп өзгертті.

Ресейде 18 жылдан бері тұратын 70 жастағы Рахмон Джураев газеттен бір египеттіктің ұлының атын Путин деп қойғаны туралы мақала оқығанын айтады. «Сосын мен ойланып, мен де немеремнің атын Путин деп өзгертуді шештім. Менің немерем Ресей президеніне қатты ұқсайды», - дейді Джураев.

Оның немересі әке-шешесімен бірге Владимирский облысының Александрово қаласында тұрады екен. Бүгінде арнайы мекемеге немересінің атын өзгерту үшін құжаттар тапсырып та үлгеріпті. «Менің ұлымның есімі Джахонгир, қолбасшы деген мағынаны білдіреді. Орысша Джураев Путин Джахонгирұлы болады», - деп күлімдейді Рахмон Джураев.

Джураев отбасы арнайы органдарға құжат тапсырғанда, ресейлік БАҚ қызығушылық білдірген. Ресейлік үш телеарна ұлы мен немересінен сұхбат алу үшін тілшілерін жіберген екен.

Рахмон Джураевтың өзі Путинді қолдайтынын, оны әлемдегі ең әділ президент деп санайтынын жасырмайды. Тіптен оның Путинге деген махаббаты отбасымен ажырасуға әкеліпті. Бірақ соған қарамастан Путинге деген пікірімді өзгертпеймін дейді ол.

XS
SM
MD
LG