Ссылки доступа

Өзбек және қырғыз шекарашылары даулы аймақта зерттеу жүргізді


Қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі үкімет делегацияларының жұмыс тобы биыл 24-29 тамыз аралығында шекараның бірқатар аймақтарында бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Хабарларға қарағанда, кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде бірлескен хаттама толтырылды. Тараптар мемлекеттік шекара сызығына қатысты ортақ шешім қабылдау үшін даланы зерттеу жұмыстарын жалғастыру туралы келісімге келді.

Өзбекстан СІМ хабарлауынша, "кездесу түсіністікпен өткен".

XS
SM
MD
LG