Ссылки доступа

Меркель терроризмнің күшеюін босқындармен байланыстырмауын өтінді


Германия канцлері Ангела Меркельдің мәлімдеуінше, жақында елде болған шабуылдардың босқындар легіне қатысты жоқ. Sueddeutsche Zeitung газетіне берген сұхбатында ол Германияда терроризм көші-қон дағдарысына дейін де болғанын мәлімдеді.

Меркель елдің көші-қон саясатында кеткен қателіктерді мойындады. Оның айтуынша, мигранттар жөніндегі жалпыеуропалық реформаны он жыл бұрын өткізу керек еді. Ол Шенген аумағының шекарасын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

2015 жылы Германиядан Таяу және Орта Шығыс, Африка елдерінен миллионнан астам босқын пана сұрады. Босқындардың биыл маусымдағы шабуылынан соң, Германия үкіметінің "ашық есік саясатын" сынағандар көбейді. Канцлер Ангела Меркель босқындар шабуылын айыптағанымен, көші-қон саясатын өзгертуден бас тартты.

XS
SM
MD
LG