Ссылки доступа

Назарбаев парламентке «қауіпсіздік туралы» заң жобаларын қарауды тапсырды


Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Мемлекет басшысы парламенттің екінші сессиясы жұмысын «тарихи жауапкершілікті сәтпен» бастайды деп мәлімдеді.

Назарбаев мәлімдемесінде өзінің тапсырмасымен мәжіліске бірнеше заң жобасы түсетінін айтты. Оның ішінде «экстремизмге, терроризмге қарсы күрес, қарсы барлау қызметі, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу, пробация, елдің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне қатысты» заң жобалары ұсынылмақ.

«Біз бұл заң жобаларын әзірлейміз. Оны депутаттарға елдің қауіпсіздігін сақтау үшін ұсынамыз. Ең бастысы адамдар тыныш жұмыс істеу үшін қоғамдағы қауіпсіздікті және тұрақтылықты сақтау қажет», — деп мәлімдеді Назарбаев.

Қазақстан президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі Twitter желісі арқылы Назарбаевтың барлық қабылданатын заңдардың логикасы анық және елдің азаматтарына түсінікті болу керек деген сөздерін береді. Назарбаевтың сөзінше, жаңа сессия барысында парламентке 50-ге жуық заң жобасы түсіп, олардың басым бөлігі жыл соңына дейін қабылдануға тиіс.

XS
SM
MD
LG