Ссылки доступа

Ресей өзінің «Паралимпиадасын» өткізеді


Ресей келесі аптада Бразилиядағы ойындардан шеттетіліп қалған паралимпшілерге арнап екі күндік жарыс өткізбекші. Ресейдің Паралимпиада комитетінің төрағасы Владимир Лукиннің сөздерінше, жарыс 7-8 қыркүйек аралығында Мәскеу облысында өтеді.

Халықаралық паралимпиада комитеті халықаралық тергеу Ресейде допинг-бағдарламаның бар екенін анықтағаннан кейін ресейлік құраманы ойындардан шеттеткен болатын. Өткен аптада Спорттық арбитраж соты бұл іске қатысты апелляциялық шағымды кері қайтарды.

31 тамызда Швейцарияның Жоғары соты Ресей паралимпиада комитетінің уақытша тыйымды алып тастау жөніндегі өтінішін қабылдамады. Жоғары соттың шешімі бойынша, комитет допингке қарсы ереже міндеттерін орындай алмаған.

Риода паралимпиада 7-18 қыркүйек аралығында өтеді. Ресей олимпиада құрамасы толығымен ойындарға бармауы мүмкін еді. Нәтижесінде 120 атлетші жарыстардан шеттетілді.

XS
SM
MD
LG