Ссылки доступа

Кулябта президент резиденциясының құрылысы аяқталып қалды


Куляб қаласындағы Чорбог елді-мекенінде президент резиденциясының құрылысы аяқталуға жақын. 25 гектар жерде орналасқан нысан қыркүйектің аяғында пайдалануға беріледі.

Куляб әкімінің орынбасары Пулод Хафизовтың айтуынша, резиденция құрылысы өткен жылы басталған. Мұнда 200 адам жұмыс істейді. Резидент аумағында бақша, қонақтар қабылдайтын бөлме бар, қазір бассейн салынып жатыр. Ол құрылысқа кеткен қаражат көлемін атаған жоқ, бірақ ғимараттың Куляб әкімшілігінің бюджеті есебімен салынып жатқанын айтты.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоның бірнеше қалада және ауданда саяжайы мен резиденциясы бар. Мұнда мемлекет басшысы шетелдік әріптестері мен қонақтарын қабылдайды. Олардың ішіндегі ең әйгілісі - табиғаты сұлу шатқалда орналасқан "Пугус" резиденциясы. Қазір мұнда да қосымша қабаттың құрылысы жүріп жатыр.

Чорбог тұрғындары президент резиденциясының құрылысы арқасында жақын аймақтарға жол төселгеніне ризашылық білдірді.

200 мың тұрғыны бар Куляб - Тәжікстанның үшінші ірі қаласы. Куляб экономикасы, басқа да ірі қалаларға қарағанда, әлдеқайда артта қалған.

XS
SM
MD
LG