Ссылки доступа

Назарбаев Қытайға сапарын үзіп, Өзбекстанға барады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі, 3 қыркүйекте Қытайдағы сапарын доғарып, Өзбекстанға барады деп хабарлады Қазақстан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов тамыз айының соңғы күндері инсульт алып ауруханаға түскен.

Өзбекстан министрлер кабинеті бүгін президент Ислам Каримовтың денсаулығы денсаулығы күрт нашарлап, хал үстінде жатқанын мәлімдеген. Бұл мәлімдемені Өзбекстанның мемлекеттік телеарналары мен радиостанцияларының жүргізушілері бір мезетте оқыды.

Ташкент көшелерінде барлық тулар алынып тасталған. 1 қыркүйекте Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті.

Самарқандқа елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияевтың келгені хабарланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға G20 елдерінің саммитіне қатысу үшін 1 қыркүйек күні кешке барған.

XS
SM
MD
LG