Ссылки доступа

Душанбеде адам саудасына қарсы тұру орталығы ашылды


АҚШ елшілігінің бастамасымен Душанбеде 1 қыркүйекте адам саудасына қарсы тұру орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Тәжікстанның ішкі істер министрі мен АҚШ елшісі қатысты.

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода орталықтың ашылуын қылмыстың алдын алатын жақсы бастама деп қолдау білдірген. Өз кезегінде елші Элизабет Миллард орталықтың ғаламдық қауіппен күресуге мүмкіндік беретінін атап өткен.

Тәжікстан Орталық Азия елдері ішінде бірінші болып 2004 жылы «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заңды қабылдады. Он жыл өткеннен кейін 2014 жылы «Адам саудасына қарсы қимыл және адам саудасы құрбандарына көмек көрсету жөніндегі» жаңа заң қабылдады. Онда бұл санатта қылмыс жасағандарға қатаң жаза тағайындалған.

Таяуда Миграция жөніндегі халықаралық ұйым соңғы 11 жылда Тәжікстанның 700 азаматы трафик құрбандары болғаны жөнінде мәлімет келтірді. Бүгінде Душанбе және Худжандта адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін арнайы орталықтар жұмыс істейді.

ІІМ мәліметі бойынша, өткен жылы адам трафигіне қатысты 28 қылмыстық іс қозғалды. 22 адамға сот үкімі шықты.

XS
SM
MD
LG