Ссылки доступа

Түркияда тағы да 500-ден астам судья мен прокурор қызметтерінен қуылды


Түркияда 543 судья мен прокурор қызметтерінен қуылды. Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған әрекеттен кейін елде сот саласында қуылған қызметкерлердің саны 3 мың 200-ге жетті.

1 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған тазалаулар биліктің сот саласындағы тәуелсіздікті арттыруға көмектеседі деп мәлімдеді.

Мемлекеттік сектор саласында жалпы 80 мыңға жуық қызметкер бүлікке қатысы бар деген күдікпен қызметтерінен алынды. Олардың көпшілігі - судьялар, прокурорлар, әскери қызметкерлер, полицейлер мен журналистер. Олардың біразын ұстап, тергеу жүргізді. Түркия билігі төңкеріс жасауға бұйрық берген деп діни қайраткер, АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүленді айыптайды. Оның өзі айыптарды жоққа шығарады.

270-тен аса адам бүлік кезінде қаза тапты. Еуроодақ пен АҚШ Эрдоғанға саяси оппонент болғандықтан адамдар жаппай қуғындаулар мен қамауларға тап болып жатыр деп алаңдаушылық білдіреді.

XS
SM
MD
LG