Ссылки доступа

Reuters Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қазасы туралы хабарлады


Өзбекстан президенті Ислам Каримов көз жұмды, деп хабарлады Reuters. Агенттік дипломатиялық үш дереккөзіне сілтеме жасады.

Каримовтың денсаулығы сыр бергеені туралы қауесеттер 27 тамызда тарала бастады. Кейін прзиденттің қызы Лола Каримова-Тилляева инстаграмдағы парақшасы арқылы әкесінің инсульттан жансақтау бөліміне түскенін жазды. Өзбекстан газеттері 1 қыркүйекте республика президенті Ислам Каримовтың жағдайы "ауыр" екені туралы елдің министрлер кеңсесі таратқан ақпаратты жариялады.

Кеше кешкісін Азаттық радиосының Өзбек қызметі Ислам Каримовтың туған қаласы - Самарқанда көпшілік шараға дайындық басталғаны туралы хабарлаған еді, Самарқандағы зиратта Каримовтың анасы мен екі бауыры жерленген.

Ислам Каримов Өзбекстан басшылығына 1989 жылы келді. Ол сол кезде Өзбек ССР Коммунистік партиясы ОК бірінші хатшысы болып тағайындалған еді.

1990 жылы ӨзССР президенті, ал 1991 жылы Өзбекстан Республикасының президенті болып сайланды. Каримовты бұл қызметке бес мәрте сайлады. Ең соңғы сайлау 2015 жылы өтті.

XS
SM
MD
LG