Ссылки доступа

Қырғызстанда дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр


3-8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстық көл жағалауында екінші дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Ойындардың мақсаты – көшпенді халықтың тарихи мәдени мұрасын қайта жандандырып әрі оны сақтап қалу.

Ойындар аясындағы спорттық және мәдени жарыстар Шолпан ата мен Кырчын жайлауында өтіп жатыр. Жарыстарға қатысу үшін әлемнің 53 елінен мың спортшы өтініш берген. Мерекелік шараны 500-ге жуық БАҚ көрсетіп жатыр. Олардың ішінде 320-сы 35 елден келген шетелдік БАҚ. Жергілікті және шетелдік арналар ойындарды тікелей эфир арқылы көрсетуде.

Мерекелік шарада көшпенділердің 25 ойынының түрінен жарыстар болады. 4-8 қыркүйекте Кыргын жайлауында «Кочмондор ааламы» атты көшпенділер фестивалі өтуде.

Қырғызстан президенті көшпенділер ойындарына әлемнің көптеген елдерінен делегациялар келгеніне мақтанатынын жеткізді. Оның сөздерінше, көшпенді халықтың дәстүрі мен мұрасына әлемнің барлық елі қызығушылық білдіреді. Осыдан екі жыл бұрын көшпенділердің бірінші ойындары өткен. Ол кезде 19 елдің өкілдері келген. Бұл жолы 62 елдің өкілдері қатысып отыр.

Алмазбек Атамбаев қазіргі өмірде адамзат өзінің түп-тамырын жоғалтып бара жатыр деді. «Экологиялық қауіптер табиғатты өзгертіп жатыр, халықтың жоғалуы қаупі бар. Осындай жағдайларда қоршаған ортаны қорғап, бабалар қалдырған мұраны сақтап қалғанымыз жөн. БҰҰ-ның мақсаты да осы мәселелерді шешуге арналады», - деп атап өтті қырғыз президенті.

XS
SM
MD
LG