Ссылки доступа

Өзбекстанда Ислам Каримовты аза тұту жалғасып жатыр


Өзбекстанда өткен сенбі күні елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовты ақтық сапарға шығарып салды. Президентті орта ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар және Ислам Каримовтің ата-анасы жатқан Шахи-Зинда зиратына мұсылман салтымен жерледі.

Жерлеу рәсіміне мыңдаған адам қатысты. Елде үш күндік аза тұту жарияланды. Мектептерде Каримовтың «Еске алу дәрістері» өтеді.

Қоштасу рәсімі Каримов резиденциясында басталды. Президентті жерлеу рәсіміне әлемнің 17 елінен, атап айтқанда Ауғанстан, Орталық Азия, Грузия, Оңтүстік Корея, Белоруссия және Украинаның өкілдері қатысты.

Ресей президенті Владимир Путин жұмыс кестесінің өте тығыз екенін еске салып, қоштасу рәсіміне келмеді. Ресей делегациясын премьер-министр Дмитрий Медведев басқарды. Қазақстаннан елдің премьер-министрі Кәрім Мәсімов барды. Жергілікті БАҚ Каримовтың үш баласының екеуі (үй қамақта отырған үлкен қызы Гүлнәр мен Лондонда тұратын ұлы Петр) әкелерімен қоштасу рәсімінде болмады деп жазады. Тек президенттің кіші қызы 38 жастағы Лола көрінген.

XS
SM
MD
LG