Ссылки доступа

Қырғыз және өзбек премьерлері шекара мәселесін талқылады


Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков Өзбекстанға сапары барысында осы елдегі әріптесі Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметі.

Жээнбеков Қырғызстан президенті атынан Ислам Кәрімовтың қазасына байланысты көңіл айтты. Мирзиеев өзбек халқы мен елі үшін қиын-қыстау заманда қолдау білдіргені және Ислам Кәрімовпен қоштасу рәсіміне қатысқаны үшін Жээнбековке алғысын білдірді.

Үкімет басшылары кездесуде сауда-экономикалық, ауыл шаруашылық, көлік инфрақұрылымы салаларындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Жүздесуде шекара мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесуге қырғыз сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев, Жогорку Кенеш спикерінің орынбасары Нұрбек Әлімбеков, депутат Әнуар Артықов және ҚР Өзбекстандағы елшісі Данияр Сыдықов қатысты.

XS
SM
MD
LG