Ссылки доступа

Интерпол Тәжікстан ислам өркендеу партиясының басшысына іздеу жариялады


Интерпол Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясының төрағасы Мұхиддин Кабириге ресми түрде іздеу жариялады.

Интерполдың ресми сайтында Кабиридің екі суреті мен қысқаша өмірбаяны жарияланған. Кабири "терроризм, қылмыстық топ құру және алаяқтық" қылмыстары үшін іздестіріледі. Интерполдың мәлімдеуінше, ТИӨП басшысына тәжік билігінің өтініші бойынша іздеу жарияланды.

Вахдат ауданының 51 жастағы тұрғыны Мұхиддин Кабириді Интерпол өткен жылдың наурызынан бері шетелде тығылып жүр деп есептейді. Тәжік билігінің мәліметі бойынша, ол еурпопалық елдердің бірін паналаған болуы керек.

Өткен жылы парламент сайлауында партия палатадағы екі орыннан айрылып қалған соң, Кабири шетелге кетті. 2015 жылы қыркүйекте партияластарын қудалай бастағанға дейін ол Түркияда болды. Өткен жылы 17 қыркүйекте Тәжікстан Бас прокуратурасы бұл партияның бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың бүлігіне қатысы бар деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда Интерпол Тәжікстанның 342 азаматын іздестіріп жатыр, олардың 275-іне экстремизм және терроризм айыптары тағылған. Бұл уақытта халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары авторитарлық үкіметтер Интерполды оппозиция өкілдері мен азаматтық белсенділерді қудалайтын органға айналдырды деп сынады.

XS
SM
MD
LG