Ссылки доступа

КХДР Жапон теңізіне қарай үш баллистикалық зымыран ұшырды


Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай үш баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлады Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі.

Сынақ Қытайдағы G20 саммитінің соңғы күніне дөп келді. Саммитке қатысқан көптеген әлем лидерлері Солтүстік Кореяны оның ядролық қару жасау бағдарламасына байланысты халықаралық оқшаулауды қолдап отыр.

Зымыран ұшыру БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына қайшы келеді. Оңтүстік кореялық баспасөздің хабарлауынша, зымыран сынағы ҚХР төрағасы Си Си Цзиньпин мен Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе кездесуінен соң өткізілген. Қытай Солтүстік Кореяның басты дипломатиялық одақтасы саналады.

Қытай басшысы Оңтүстік Кореяда америкалық зымыранға қарсы құрылғыны орнатудың қажет еместігіне Пак Кын Хенді иландыруға тырысты. Сеул үкіметі қорғаныс жүйесі солтүстік кореялық зымыран шабуылдарынан сақтану үшін қажет деп отыр.

Корей түбегінде КХДР-ның зымыран мен атом қаруы сынағына байланысты қарбалас күшейе түсті.

XS
SM
MD
LG