Ссылки доступа

Бішкек соты адам құқығын қорғаушылардың президент Атамбаевқа шағымын қарайды


Бүгін Бішкек қалалық соты адам құқығын қорғаушылар Төлекан Исмайылова мен Әзиза Әбдірасулованың қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевқа қарсы шағымын қарайды. Шағымданушылар ар-ождан мен іскерлік абыройын сот арқылы қорғамақ.

"Кылым шамы" адам құқығын қорғау ұйымының басшысы Әзиза Әбдірасулова президенттен өздеріне қарата айтылған сөздері үшін ресми түрде кешірім сұрауын талап етті. Оның айтуынша, президент моральдық шығын ретінде шағымданушының әрқайсысына 10 миллион сомнан төлеуі тиіс.

Еске салсақ, 16 маусымда Бірінші мамыр аудандық соты бұл екеуінің ел президентіне қарсы шағымын қанағаттандырмады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың мамырында "Халық парламенті" қоғамдық бірлестігінің жетекшілері билікті күшпен басып алу айыбы бойынша ұсталған. 12 мамырда бірлестік өткізген жиынға Әзиза Әбдірасулова мен Төлекан Исмайылова қатысқан.

14 мамырда Ана күніне орайы ұйымдастырылған шарада мемлекет басшысы "Халық парламенті" мүшелерін елдегі жағдайды түрлі әдістермен ушықтыруды көздейді деп айыптап, адам құқығын қорғаушы екі әйелді "шетел гранттарын өтеушілер" деп атаған.

XS
SM
MD
LG