Ссылки доступа

"Вымпелкомның" бас директоры Слободин отставкаға кетті


VimpelCom Ltd. компаниясының басшылығы "Вимпелком" бас директоры Михаил Слободиннің отставкасын қабылдағанын жариялады. Шешім шыққан уақытта күшіне енді. Пара беру ісіне Слободиннің қатысы бар екені туралы жаңалықтар пайда бола салысымен, ол қызметтен өз еркімен кетті.

Бұның алдында Мәскеуде "Ренова" компаниялар тобының атқарушы директоры Евгений Ольховик пен "Т Плюс" компаниясының бас директоры Борис Вайнзихер ұсталған еді. Тергеу комитетінің мәліметінше, Слободинді Коми Республикасының бұрынғы билігіне пара беру ісіне байланысты іздестіреді.

Слободин қазіргі уақытта жұмыс бабымен Францияда жүргенін, Ресейге апта соңында оралып, тергеуді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беретінін журналистерге хабарлады.

Компанияның жаңа бас директоры болып Шелль Йонсен тағайындалды. Бұған дейін ол басты нарықтардағы жұмыс бөлімін басқарған. Йонсен бұл қызметке 2016 жылы тамызда тағайындалып, Ресей, Скандинавия, Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарындағы жұмыстарға жауап берген.

XS
SM
MD
LG