Ссылки доступа

Кабулдегі төрт жарылыстан ондаған адам қаза тапты


Кабулде бір тәулік ішінде төрт жарылыс тіркелді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет анықталуда. Ауғанстан астанасының орталығында полиция мен содырлар әлі атысып жатыр. Содырлар халықаралық қайырымдылық ұйымдарының бірінің кеңсесіне шабуылдаған.

Хабарларға қарағанда, шабуылдан бір адам қаза тауып, алтауы жараланған.

Кеше Кабулде үш жарылыс болды, соның екеуі қорғаныс министрлігі ғимаратына жақын маңда тіркелді. Жергілікті БАҚ мәліметі бойынша, әуелгі бомба қашықтан іске қосылған, екіншісін жанкешті жарған.

Шабуылдар нәтижесінде 24 адам қаза тапты, 91-і жараланды. Қайтыс болғандардың арасында генерал және полицияның жоғары лауазымды екі офицері бар. Бірнеше сағаттан соң қала орталығында үшінші жарылыс болды, одан соң атыс басталды.

Жарылыстардың жауапкершілігін "Талибан" радикалдық қозғалысы мойнына алды. Ұйым бұған дейін Кабулде талай мәрте шабуыл ұйымдастырған.

XS
SM
MD
LG