Ссылки доступа

Бішкек соты адам құқығын қорғаушылардың президент Атамбаевқа қарсы шағымын қанағаттандырмады


Бішкек қалалық соты адам құқығын қорғаушылар Төлекан Исмайылова мен Әзиза Әбдірасулованың ел президенті Алмазбек Атамбаевқа қарсы шағымдарын қанағаттандырмай тастады. Шағымданушылар ар-ождан, іскерлік беделін сот арқылы қорғағысы келген еді. Сот шешімі бүгін, 7 қыркүйекте шықты.

Адам құқығын қорғаушылар қалалық сот шеміміне Жоғарғы сотқа арызданатынын мәлімдеді.

Әбдірасулова мен Исмайылов президенттен өздеріне қарата айтылған сөздері үшін ресми кешірім сұрауын талап етті. Олар моральдық шығын ретінде шағымданушының әрқайсына 10 миллион сомнан сұрады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың мамырында "Халық парламенті" қоғамдық бірлестігінің жетекшілері билікті күшпен басып алу айыбы бойынша ұсталған. 12 мамырда бірлестік өткізген жиынға Әзиза Әбдірасулова мен Төлекан Исмайылова қатысқан.

14 мамырда Ана күніне орайы ұйымдастырылған шарада мемлекет басшысы "Халық парламенті" мүшелерін елдегі жағдайды түрлі әдістермен ушықтыруды көздейді деп айыптап, адам құқығын қорғаушы екі әйелді "шетел гранттарын өтеушілер" деп атаған.

XS
SM
MD
LG