Ссылки доступа

Ресейлік университетте жалаңаш студенттердің суреті төңірегінде жанжал шықты


Кемеров Мемлекеттік университетінің тарих және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Константин Юматов студенттер қатарына қабылдау кешінде шешінген бірінші курс студенттерінің суретін жариялағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Деканның екі орынбасары да қызметтен кетті. Жоғарғы оқу орнында тексеру жүріп жатыр, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Жанжалға бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде пайда болған жалаңаш студенттер суреті түрткі болған. Суретке студент қыздар ішкі киіммен, ал жігіттер тыр жалаңаш түскен. Пікір қалдырға студенттер шешілген әрбір киім үшін бір ұпай берілетін байқауға өз еріктерімен қатысқанын жазған.

Дегенмен байқауға қатысқан басқа да студенттер бұл әрекетке оларды жоғарғы курс студенттері мәжбүрледі дегенді айтқан.

Студент қатарына қабылдау шарасына қатысушыларды оқудан шығарады деген ақпаратты университетте жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG