Ссылки доступа

Әлемдік алпауыттар Тәжікстандағы кен орны үшін соттасып жүр


Тәжікстанда "Куляб Петролимум Лимитед" кәсіпорнына иелік ететін "Тетис Петролиум" компаниясы Халықаралық төрелік сотқа жүгініп, өзінің екі әріптесі - қытайлық CNPS және француздың Total компанияларынан 10,1 миллион доллар өтемақы талап етті.

Дау өткен жылдың мамыр айында CNPS мен Total компанияларының "Куляб Петролиум Лимитед" кәсіпорынының өз міндеттерін толық орындамауына байланысты сотқа жүгінуінен басталды. Бұл компаниялар Тәжікстанның оңтүстігінде Бохтар мұнай және газ кенін бірге игере бастады.

Компаниялар қаржы мәселесіне келісе алмай отыр. СNPC мен Total компанияларының мәліметі бойынша, "Куляб Петролиум" компаниясы ірі жобаға 2 миллион доллар инвестиция бөлуді міндетіне алған. Бірақ қаражат бөлінбеген, ал компания үлесін бермеген. Қазір CNPC және Total "Бохтар" кенішінің 33,335 пайыз, "Куляб Петролиум" - 33,33 пайыз үлесіне ие.

"Бохтар" мұнайгаз кенішінде 3,22 триллион текше метр газ және 8,5 млн баррель мұнай қоры бар деп болжанды. Кен Хатлон облысында орналасқан, ол шамамен 35 мың шаршы шақырымды алып жатыр.

XS
SM
MD
LG