Бұған дейін өзін Тұтқындар ісі бойынша бас қор деп таныстырған топ ұшқыштардың денелерін Башар Асад жүйесі тұтқынға алған жақтастарына алмастыруды ұсынған.
Ресейлік тікұшақ оппозиция бақылауындағы Идлиб провинциясы аумағында 1 тамызда атып түсіріліп, оның бортындағы бес адам қаза тапты. Бұған дейін Сирияда Ресей әскері осынша шығынға ұшырамаған еді. Ресейдің Сириядағы әскери операциясы 2015 жылы қыркүйекте басталды.