Ссылки доступа

Қырғызстанда Дүниежүзі көшпенділерінің ойындары екі жыл сайын өтеді


Дүниежүзі көшпенділерінің ойындары Қырғызстанда екі жылда бір рет өтіп тұратын болады. Осылай деп президент аппаратының сыртқы саясат жөніндегі бөлім басшысы Сапар Исаков Шолпан атадан өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Оның сөздерінше, ойындар жоғары деңгейде өтті әрі бүкіл әлем хабар таратты. Қырғызстанды әлем жаңа қырынан таныды.

Осының алдында келесі ойындарды өткізу құқығы Түркияға немесе Қазақстанға беріледі деп болжанған болатын.

Еске сала кетейік, Ыстық көлде 3 қыркүйекте басталған Дүниежүзі көшпенділерінің ойындары бейсенбі күні аяқталды. Ойындарда көшпенді спортының 23 түрінен жарыстар болды. Оған әлемнің 63 елінен мыңға тарта спортшы қатысты.

Шолпан ата ипподромында 8 қыркүйекте Ойындардың ресми жабылуы өтті. Оған шоу-бизнестің жұлдыздары қатысты.

Қырғызстанда Дүниежүзі көшпенділерінің бірінші ойындары 2014 жылдың қыркүйегінде өткен.

XS
SM
MD
LG