Ссылки доступа

Карім Мәсімов премьерлік креслоны ҰҚК басшылығына алмастырды


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бейсенбі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы қызметіне тағайындалды.

Премьер-министрдің міндетін уақытша атқару бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Президенттің осындай жарлығы Ақорда сайтында жарық көрді.

«Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңа құрам бекітілгенше міндетін уақытша атқаруды тапсырамын», — делінген бейсенбі, 8 қыркүйекте қолы қойылған президенттің жарлығында. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бұл ауыс-түйістер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өтетін үкімет отырысына бір күн қалғанда орын алды.

Мәсімов бірінші рет үкіметті 2007 жылдан 2012 жылға дейін басқарды. 2012-2014 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарды. 2014 жылдың сәуір айынан бастап Мәсімов қайтадан үкімет басшысы қызметіне тағайындалды.

XS
SM
MD
LG