Ссылки доступа

Үңкүр-Тоо: Өзбекстан қырғыз радиостанциясында ұсталған жұмысшыларды босатты


Өзбекстан Үңкүр-Тоо тауында орналасқан радиорелелік станцияның төрт жұмысшысын Қырғызстан шекарашыларына берді. Ұсталған қырғыз азаматтарын еліне қайтару туралы шешім келіссөздер барысында қабылданды. Бостандыққа шыққан жұмысшылардың бірі қамауда оларға қысым көрсетілмегенін айтты.

Келіссөздерге Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің өкілдері және Жалалабад облыстық полициясының басшысы қатысты.

Жалалабад облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Женишбек Жоробековтың хабарлауынша, Өзбекстан радиостанцияның төрт жұмысшысын босату үшін ешқандай талап қоймаған. Оның айтуынша, осыған қатысты басқа да мәселелерді үкіметаралық комиссия шешеді.

"Президент, үкімет және тиісті министрлер қабылдаған шаралар нәтижесінде, сондай-ақ үкіметаралық келісім негізінде, Өзбекстан радиорелелік станциясының төрт қызметкерін босатты. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қызметкерлердің үстінен шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалып, айыппұл салынған. Сот шешім шығарған соң, оларды бізге қайтарды. Біз жұмысшыларды тексеріп шықтық, олардың жағдайлары жақсы", - деді ол.

Еске салайық, 22 тамызда шекараның мәртебесі анықталмаған бөлігінде - Үңкүр-Тоо тауындағы радиорелелік станцияға жақын маңда Өзбекстан ІІМ-нің шамамен 7 қызметкері МИ-8 тікұшағымен қонды. 24 тамызда қырғыз шекара қызметі станцияның төрт қызметкерін Өзбекстандағы Янгикурган полиция бөлімшесіне алып кеткенін хабарлады. Бұл әрекетін олар қырғыз азаматтарының Өзбекстан аумағына заңсыз өтіп кетуімен түсіндірген.

XS
SM
MD
LG