Ссылки доступа

Назарбаев: үкіметте "үлкен өзгерістер" болмайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімовтің отставкаға кетуінен үкіметте "үлкен өзгерістер" болмайды деп мәлімдеді.

"Қазір үкімет отставкада. Біз бұл мәселелерді көп созбай шешеміз - сіздердің басшыларыңызды, жаңа министрлерді де тағайындаймыз. Үлкен өзгерістер болмайды деп ойлаймын, өйткені үкімет қиын кезеңде барлық тапсырмаларды орындап келеді", - деген Назарбаев мәлімдемесін "Қазақпарат" жариялады.

Премьер-министр міндетін вице-премьер Бақытжан Сағынтаев уақытша атқарып отыр. Бейсенбі, 8 тамызда, премьерліктен босаған Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. ҰҚК төрағасы қызметін осыған дейін атқарған Владимир Жұмақанов президент кеңесшісі қызметіне ауысты.

Назарбаевтың айтуынша, кадрлық ауыс-түйіс "қауіпсіздік деңгейін көтеру, күшейту қажеттілігінен туған". "Мәсімов қиын кезеңде жауапты секторды басқаруға тағайындалды", - деді Назарбаев.

XS
SM
MD
LG