Ссылки доступа

ШЫҰ елдерінің әскерлері Қырғызстанда террорға қарсы оқу-жаттығу өткізеді


Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің әскери бөлімдері Қырғызстанда командалық-штаб оқуларын өткізіп, бірлескен әскери іс-қимылдарын пысықтайды. Бұл туралы қырғыздың Қарулы Күштері Бас штабы хабарлады.

"Бейбіт миссия-2016" оқулары биыл қырғыздың 20636 әскери бөлімінде 15-21 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Қытай, Тәжікстан, Ресей және Қырғызстан елдерінің әскери күштері қатысады.

Оқу барысында әскерлер ұйым күштерінің терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күреске дайындығын байқап көреді, бұған қоса таулы аймақтардағы бірлескен дайындық тәжірибесін жетілдіреді.

XS
SM
MD
LG