Ссылки доступа

Солтүстік Корея ең қуатты ядролық қаруын сынақтан өткізді


КХДР жұма күні осымен бесінші және ең қуатты ядролық сынағын өткізді, деп хабарлады оңтүстік кореялық ресми өкілдер. Сейсмикалық белсенділік магнитудасы 5,3 балл болған жарылыс бұған дейінгі төрт сынақ өткізілген аймақта тіркелген.

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің мәлімдеуінше, ядролық қаруды сынақтан өткізу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын өрескел бұзып отыр, бұның соңы санкциялардың одан сайын күшейтілуіне алып келеді. "Мұндай арандатушылық солтүстік кореялық жүйенің өз ішінен шіруін тездетеді", - деп мәлімдеді ол. Бұған қоса, Пак Кын Хен солтүстік кореялық басшы Ким Чен Ынды "бірбеткей және жауапсыз" деп атады.

Бүгінгі сынақтың қуаты - 10 килотонна, яғни бұған дейінгі жарылыстар күшінен шамамен екі есе күшті. Хиросиманың талқанын шығарған атом жарылысының қуаты 15 килотонна болған.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің мәлімдеуінше, ядролық сынақ өткені расталса, Пхеньянның әрекетін тіптен шектен шыққандық деп атауға болады.

Құрама Штаттар және Жапония сынақ өткен ауданның радиация деңгейін тексеру мақсатында ауадан сынама алу үшін Солтүстік Корея жағалауларына барлаушы ұшақтарын жолдады.

XS
SM
MD
LG