Ссылки доступа

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовті еске алуға Самарқанға барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен Самарқанға барды деп хабарлады Ақорда.

Самарқанда болған іс сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің жатқан жеріне гүл шоқтарын қойып, оның отбасы мүшелерімен кездесіп, көңіл айтты.

Осыдан кейін қазақ лидері Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзияевпен кездескен.

Нұрсұлтан Назарбаев – Шавкат Мирзияев президенттің міндетін атқарушы болып тағайындалғаннан кейін онымен бірінші болып кездескен алғашқы шетелдік мемлекет басшысы.

6-қыркүйекте Самарқанға Ресей президенті Владимир Путин де барды. Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарып келген Ислам Каримов дүние салғаннан кейін Шавкат Мирзияев оны соңғы сапарға шығарып салу бойынша мемлекеттік комиссияның жетекшісі болды.

XS
SM
MD
LG