Ссылки доступа

Бакуда Конституцияны өзгерту бойынша референдумға қарсы митинг өтті (видео)


Әзербайжан белсенділері конституцияға енгізілмек өзгерістерге Венеция комиссиясының құқықтық баға беруін сұрап Еуропа кеңесіне жүгінді. Олар даулы өзгерістер елде монархиялық жүйе қалыптастыруға бағытталған деп санайды.

Әзербайжандағы адам құқықтарын қорғаушы белсенділер Еуропа кеңесі бас хатшысы Торбьерн Ягландқа жазған хатында қыркүйектің 26-сы күні бүкілхалықтық референдум арқылы конституцияға енгізілгелі жатқан өзгерістер демократияға қайшы келеді әрі қазіргі президент Илхам Әлиевтің өмір бойы билікте қалуына жол ашады деп санайтындарын айтқан.

Мәселен, бұл өзгерістер президент өкілетінің мерзімін бес жылдан жеті жылға ұзартып, оның бірінші вице-президент пен вице-президентті тағайындауына және парламентті таратуына мүмкіндік береді. Оның үстіне президенттікке кандидатқа қойылатын ең төменгі жас шегі (35 жас) алынып тасталады, ал парламентке сайлану үшін бұрынғыдай 25 жастан асу міндетті емес. Өзгерістер қабылданса, онда азаматтар 18 жастан бастап депутаттыққа кандидат бола алады. 2003 жылы күзде әкесі Гейдар Әлиевтің орнына Әзербайжан президенті болып сайланған Илхам Әлиев содан бері билікте отыр. Оның ұлы Гейдар қазір 19 жаста.

«Әзірбайжанның халық майданы» партиясының лидері Али Керимли митингтердің бәрі референдумға бойкот жариялау үшін өткізіліп жатқанын айтты. «Оның бәрі кімге керек? Біз бір адам — Ильхам Алиев үшін ғана Конституцияны үшінші рет өзгертпекпіз. 2002 жылы ол үкіметке келсін деп, 2007 жылы қайта сайлансын деп өзгерткенбіз, бұл жолы Алиев билігінің позициясын күшейту үшін өзгерткелі жатыр», - дейді ол.

Журналист Хадиджа Исмайлова да референдумды Әлиев отбасының биліктегі рөлін күшейту үшін өткізіп жатыр деп есептейді.

В Баку - массовый митинг против референдума по увеличению президентского срока
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:55 0:00

XS
SM
MD
LG