Ссылки доступа

Отырыстарға қатыспайтын қырғыз депутаттарының жауапкершілігі қаралады


Жогорку Кеңеште жыйындарға себепсіз қатыспаған депутаттардың жауапкершілігі қаралады. Бұл туралы Конституциялық заңдар, мемлекеттік құрылымдар, сот-құқықтық мәселелер және Жогорку Кеңештің регламенті туралы комитеттің төраға орынбасары Алмамбет Шыкмаматов айтты.

Оның айтуынша, комитеттің 13 қыркүйектегі отырысында бұл мәселе талқыланып, маусым айынан бастап жыйынға себепсіз келмеген депутаттардың жауапкершілігі қаралады.

Шыкмаматов жаза ретінде заң шығарушылардың айлықтары кемітілетінін жеткізді.

Осыған дейін қоғам белсенділері парламент отырыстарында өте аз депутат қатысатынын айтып келген.

XS
SM
MD
LG