Ссылки доступа

Сирияда бітім шарты ресми түрде күшіне енді


12 қыркүйекте Ресей мен АҚШ-тың араағайындығымен Сирияда соғысты тоқтату туралы бітім ресми түрде күшіне енді.

Жаңа келісім – Вашингтон мен Мәскеудің биылғы жылға осымен екінші рет бес жылға созылған соғысты тоқтатуға әрекет етуі. Егер оқ атуды тоқтату келісімі бір апта бойында сақталатын болса, онда Ресей мен АҚШ әскери-әуе операциясын экстремистік топтарға қарсы үйлестіреді.

Сириялық қолбасшылық «тыныштықты сақтау режимі» барлық аумақта жүреді, бірақ әскерилер кез-келген бітім шартын бұзушылыққа жауап береді деді. Президент Башар Асад режиміне қарсы топ та бітім шартын орындауға уәде берді.

БҰҰ мәліметінше, бес жылға созылған соғыста төрттен бір миллион халық қаза тауып, 11 миллионы босып кетті.

XS
SM
MD
LG