Ссылки доступа

Алматыда ШЫҰ елдері арнайы қызметтерінің басшылары кездеседі


Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің арнайы қызметі Алматыда өтетін аймақтық антитеррорлық құрылым отырысында «жиһадшылардың ұйымдастыратын терактінің алдын алу шаралары» мәселелерін талқылайды деп хабарлайды жергілікті ақпараттық агенттіктер.

«Отырыста арнайы органдардың террорист-жанкештілерді пайдаланып ұйымдастырылатын терактінің алдын алу мен ШЫҰ-ға қатысушы елдердің аумағына радикалды діни идеологияны таратуға бірлесіп қарсы тұру мәселелерін талқылайды»,- деп хабарлайды ұйымдастыру комитеті.

Сонымен бірге бұл кездесуде «Интернетте терроризм идеясын таратудың алдын алу, «террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың іс-әрекетіне бірлесіп қарсы тұру мәселелері де қаралады», - делінген.

Отырысқа Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері арнайы қызметтерінің өкілдері қатысады. Кеңестің уақыты нақтылануда.

XS
SM
MD
LG